Жаңа жыл қарсаңы — адамдардың жүректері қамқорлық пен игі істерге ашылатын ерекше жылулық, көңіл мен жомарттық уақыты.
Дәл осы мереке алдында Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы алтыншы жыл қатарынан «Bal-Bala»акциясын өткізуде. Оның қатысушылары мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған Жергілікті кәсіподақтың 200-ге жуық мүшесі. Себебі, әр баланың жүрегі қамқорлық пен ғажайыпқа деген сеніммен жылытылуы керек.
Дәстүр бойынша, біздің мүшелік ұйымдарымызда жұмысшылар мен олардың балалары үшін қуанышпен және жылы қарым-қатынасқа толты жаңа жылдық іс-шаралар өткізіледі. Алдағы жыл игі істер үшін жомарт жыл болсын, ал балаларымыз бақытты болсын!




